2026 жылғы 28 қазанда № 1 көпбейінді қалалық аурухананың негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын енгізіліп жатқан өзгерістерді ескере отырып түсіндіру бойынша семинар өтті. Іс-шара 2025-2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Н. Балғабеков денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктеме берді. Қоғамдық бақылауды нығайтуға, мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын арттыруға, есептілікті қамтамасыз етуге, ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың сенімін нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында мемлекет пен қоғам арасындағы ашық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.
Астана қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.А. Амантай қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістермен, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің әдеп қағидаларын сақтау, жол берілген бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шараларымен таныстырды. Баяндама барысында қарастырылып отырған мәселелер бойынша статистикалық деректер ұсынылды.
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары А.Қ. Молдабаева медициналық ұйымдарда пациенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде тіл саясаты талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар беріп, осы салада анықталатын бұзушылықтар мәселелерін де қамтыды.
Семинарды өткізу медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде заңдылық, ашықтық және әдеп нормаларын сақтау қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.
Семинармен № 1 көпбейінді қалалық аурухананың 70 қызметкері қамтылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









