7 қазанда Астанаға Корея Республикасынан Квандонг католик университеті жанындағы Әулие Мария халықаралық ауруханасының делегациясы келді.
Кездесу барысында кореялық тарап Астана қаласының әріптестерімен медицина саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Әулие Мария халықаралық ауруханасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Негізгі мақсат — дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу, заманауи медициналық технологиялар мен тәсілдерді зерделеу, сондай-ақ тағылымдамалар мен бірлескен жобаларды дамыту.
Елорда үшін кореялық әріптестермен ынтымақтастық халықаралық тәжірибені зерделеп, оның ішінде медициналық ұйымдардың жұмысына тиімді тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.







