Республика күніне орай Астана қаласының денсаулық сақтау саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    1 / 7

    Республика күніне орай Астана қаласының денсаулық сақтау саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    № 1 көпбейінді қалалық аурухананың директоры Сарсенбаев Ербол Жақсылықұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

    № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Кулушева Гүлнар Ережеевна «Құрмет» орденімен марапатталды.

    Қалалық фтизиопульмонология орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Дакенова Жанна Қабытайқызы «Шапағат» медалімен марапатталды.

    Астана қаласындағы № 4 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің аға мейіргері Агимова Алима Кушербаевна «Парасат» медалімен марапатталды.

    Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алдабергенова Салтанат Ахметхановна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    № 9 қалалық емхананың директоры Смагулова Сауле Каулешевна «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрмет атағы берілді.

    Мемлекеттік наградалар – медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегі мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы. Әріптестерімізді құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары