Әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Кездесуде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.С. Исмагулов еңбек заңнамасын бұзу бөлігінде анықталған тәуекелдерді жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйледі.

    Отырыс барысында қатысушылар Астана қаласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мен еңбек дауларының ағымдағы жай-күйіне, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізуіне, жұмыскерлерді Еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жай-күйіне қатысты мәселелерді қарады.

    Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі нығайтуға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарына нақты тапсырмалар берілді.

    Жұмыс берушілерге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жою және тиісті мәліметтерді тиісті жағдайға келтіру үшін мерзім берілді.

    Жұмыс берушілер анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, Департамент белгіленген мерзімде заңнамада көзделген ден қою шараларын қабылдайтын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті"РММ" жаңалықтары