2026 жылғы 27 қазанда мемлекеттік қызметшілерге арналған кезекті семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратының, Жастар саясаты мәселелері басқармасының және Қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына теріс әсері, сондай-ақ жоғары калориялы тағамдарды шамадан тыс тұтынудың салдары және оның адам денсаулығына әсері туралы мәселелер қарастырылды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Ш.М. Нәжімов әрбір ауру бойынша нақты мысалдар мен статистикалық деректер келтіріп, тақырыпты жан-жақты түсіндірді.
Жалпы, семинармен 60 қызметкер қамтылды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








