🌸«АУЫЛЫМ – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ»!🌸
Тиірмен ауылында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту мақсатында «Ауылым – қасиетті мекенім» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шара барысында ауылдың тарихы мен тыныс-тіршілігі, туған жердің қадір-қасиеті кеңінен насихатталды. Кеште әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Ауыл – әрбір адамның алтын бесігі, балалық шағының куәсі, жүрегіне ең жақын қасиетті мекені. Туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл құндылық.
Осындай тағылымы мол мәдени шаралар ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, жас ұрпақты туған жерін сүюге, елін құрметтеуге тәрбиелейді.
✨Ауылымыздың берекесі артып, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!
🌿Туған жер – тұғырым, туған ауыл – мақтанышым!
#АуылымҚасиеттіМекенім #ТиірменАуылы #ТуғанЖер #АуылМәдениеті #БерекеБірлік









