«Таза орта – дені сау ұрпақ!»

    1 / 8

    «Таза орта – дені сау ұрпақ!»

    🌿«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!🌿

    Тиірмен қазақ орта мектебінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

    Іс-шара барысында мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналды, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

    🌱Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті!

    🌍Таза мектеп – таза ауыл – жарқын болашақ!

    #ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #Тиірмен #ЭкологиялықМәдениет #ТазалықОртақІс

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары