🌿«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ КЕПІЛІ!
🌱«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тиірмен ауылдық округінде кезекті «Таза бейсенбі» тазалық шарасы өтті.
Аталған шара барысында ауыл аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту, айналаны қоқыстан арылту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
🌳Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және ауылымыздың көркеюіне үлес қосу.
✨Тазалық – баршамызға ортақ міндет! Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.
🤝Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
🍀Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #ТиірменАуылдықОкругі #ТазалықОртақІс #ТазаАуыл









