КӨПШІЛІК СҰРАНЫСЫМЕН «ВАЛЬС КОРОЛІ» МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМАСЫ ҚАЙТА САХНАЛАНДЫ

    1 / 21
    «Қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Вальс королі» музыкалық драмасы көрермен сұранысына орай театр сахнасында қайта қойылды.
    Төрт күн қатарынан сахналанған қойылымда композитордың бай мұрасы, әсем әндері мен тағдырлы өмір жолы көркем бейнеленді. Музыка мен драматургия үндескен спектакль көрерменге ерекше әсер сыйлады.
    Қойылым барысында сахнадағы әрбір әуен мен актерлердің шынайы ойыны көрерменнің көңілінен шығып, залда ыстық ықылас пен толассыз қошеметке ұласты. Көрермендер қуаныш пен толғанысты қатар сезініп, Шәмші әндерінің рухани қуатына тағы бір мәрте куә болды.
    Көпшіліктің сұранысымен қайта сахналанған музыкалық драма — ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ музыкасының жауһарларын кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған маңызды мәдени оқиғалардың бірі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары