1 / 14
Жылу маусымының басталуына байланысты Түркістан қаласында тұрғындар арасында газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара Түркістан қалалық газ инспекциясы мен «ҚазГаз Аймақ» мекемесінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеру, газдың шығуын дер кезінде анықтау және улы газдан уланудың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарына уақтылы техникалық қызмет көрсету және үй-жайларды тұрақты түрде желдетіп отыру қажеттігі ескертілді.









