ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ӨҢІРЛІК БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

    1 / 4

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының басым бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, балалар құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеттері.

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың өңірлердегі балалар құқықтарын қорғау басқарма басшыларымен жұмыс кеңесуі барысында кәселетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау және өңірлік құрылымдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Кеңесте уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, өтініштерге жедел ден қоюғажәне балалардың мүдделерін қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Туындаған мәселелерді уақтылы шешіп қана қоймай, олардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

    Сонымен қатар, министр әрбір баланың құқығын қорғау барлық деңгейде тұрақты назар мен үйлесімді жұмысты талап етеді. Оқу-ағарту министрлігі балаларды қорғаудың барлық бағыттағы тетіктерін нығайту және әрбір бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру басты міндет болып табылатынын атап көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасы" КММ" жаңалықтары