Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, тарихи мұраға қызығушылығын ояту және психологиялық қабілеттерін дамыту мақсатында, тарихи-өлкетану мұражайында танымдық-психологиялық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар еліміздің ұлттық мұраларымен танысып, «Зерек бала» бағдарламасы аясында «Шекемтас», «Шертпек», «Қазандық» ойындарына қатысты.Ұлттық ойындар арқылы балалардың зейіні, есте сақтау қабілеті, ептілігі мен ойлау дағдылары дамып, достыққа, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа және ұлттық мұраны құрметтеуге дәріптелді.Іс-шара соңында балалар «Көңіл-күйіңді таңда!» психологиялық кері байланысы арқылы өз әсерлерімен бөлісіп, «Кішкентай музей саяхатшылары» төсбелгісімен марапатталды.
Экскурсияға бірнеше балабақшалардың педагог-психологтары (№126 «Шұғыла» балабақшасынан Ш.Р.Хайруллаева, Л.Р.Шарахметова, №46 «Ақбөпе» балабақшасынан М.Д.Мынбаева, №21 «Ертарғын» балабақшасынан У.М.Салбаева, №30 «Алпамыс» балабақшасынан Ж.Л.Рустемова) қатысты.
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағының негізі. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – отбасы мен педагогтардың ортақ міндеті. Бірлесе атқарған жұмыс балалардың рухани дамуына, ұлттық санасының қалыптасуына және жарқын болашағына жол ашады!
«Тарихын таныған бала – тамырын таныған бала!»








