КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЙЫРШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР

    1 / 3

    Шымкент қаласының Балалар құқығын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен, «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ-нің қызметкерлері ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағындағы 40-қа жуық мешітке рейдтік іс-шара өткізді.

    Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмаған балалардың қайыршылықпен айналысуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

    Рейдтік іс-шара барысында 4 кәмелетке толмаған бала заңды өкілімен бірге қайыршылықпен айналысқандығы анықталды. 2 кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне ескерту жасалды. Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне заң талаптары түсіндірілді.

    Ата-аналар назарына!

    Қазақсытан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарына сәйкес,кәмелетке толмаған баланың қайыршылықпен айналысуына жол берген ата-аналардың жауапкершілігі қаралатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасы" КММ" жаңалықтары