2026 жылғы 30 қазанда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Жалғас Халелов студенттерге мәслихаттың қызметі мен міндеттері, сайлау процесінің негізгі кезеңдері, сайлау заңнамасының талаптары және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы түсіндірді.
Іс-шараға 20 студент қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар студенттер алдағы саяси науқанда дауыс беруге ниетті екендіктерін білдірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың сайлау мәдениетін арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру және сайлау процесі туралы құқықтық сауаттылығын кеңейту.









