Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Берік Беркімбаев Нью-Делиде өткен БРИКС Парламенттік форумының 12-ші отырысына қатысты.
Биылғы форум «Халық мүддесіне бағдарланған даму үшін парламенттердің әлеуетін нығайту» ( Fostering Parliaments for People-Centric Development) тақырыбына арналды.
Форум аясында Берік Беркімбаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен және Лок Сабха спикері Ом Бирламен өткен іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ шетелдік парламенттік делегация өкілдерімен пікір алмасты.
Кездесулер барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, парламенттік дипломатияны дамыту және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, депутат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын таныстырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі басымдықтарға тоқталды.
Форумға қатысу Қазақстанның парламенттік дипломатиясын ілгерілетуге және халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.









