Қарқаралы қаласында 2011–2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Мәди Бәпиұлы атындағы VI республикалық дзюдо турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстары, Астана, Қарағанды, Балқаш қалалары және бірқатар аудандардан 200-ге жуық жас спортшы жиналды. Салтанатты жиында өңірдің спорт саласының жауапты тұлғалары мен ардагерлері қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді. Жарыс барысында қыздар бір салмақ дәрежесінде, ал ұлдар сегіз салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын болады. Турнирдің басты мақсаты – жас дзюдошылардың спорттық шеберлігін шыңдау және өңіраралық байланысты нығайту. Сонымен қатар, бұл дода өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа тартып, салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.
Қарқаралыда республикалық дзюдо турнирі басталды
1 / 2
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«Герман бірлігі күніне» орай қабылдау
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. ӨкілдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Франция бірлескен ынтымақтастықты талқылады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. ӨкілдігіАшу
Қазақстандық делегация ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 76-сессиясына қатысты
Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшуАстанадағы есірткі дүкендеріне қатысты сот практикасы: ұйымдастырушылар мен қатысушылар 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Астана қаласының прокуратурасыАшу
"«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» ММ" жаңалықтары

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» ММАшу
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды
«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» ММАшу