1 / 4
2026 жылғы 28 қазанда №1 негізгі орта мектептің 8-9 сынып оқушыларына арналған «Архив – тарих сақшысы» атты экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қатысушылар архив қызметінің негізгі бағыттарымен, архивтік құжаттарды сақтау жағдайларымен және олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларымен танысты. Оқушыларға Денисов ауданының ең көне әрі қызықты түпнұсқа архивтік құжаттары және Жітіқара ауданының тарихына қатысты бірегей фотосуреттер ұсынылды. Бұл іс-шара тарихи мұраға құрметпен қарауды және құжаттық жадыны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қалыптастыруға бағытталды.









