Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және оған қол жеткізуді жеңілдету мақсатында TULEK «Түлектерге арналған бос орындар» порталы іске қосылды.
Портал жоғары оқу орындарының мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуден өтпей орналасуға ниетті түлектеріне арналған.
Бос лауазымдарға орналасу үшін eqyzmet.gov.kz ашық порталында тіркеуден өтіп, «Түлектерге арналған бос орындар» бөліміне өту қажет.
Одан әрі келесі әрекеттер жүзеге асырылады:
1.жеке кабинеттегі барлық қажетті бөлімдерді толтыру;
2.жоғары білім туралы дипломды қосымшасымен бірге бір файл түрінде жүктеу;
3.қолжетімді бос жұмыс орындарының тізімімен танысып, алған мамандығыңызға сәйкес келетін лауазымды таңдау;
4.таңдалған бос лауазымға портал арқылы өтінім беру.
Негізгі талаптарға назар аударыңыз:
▪️ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,33-тен төмен болмауы тиіс;
▪️ конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде пайдалануға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады.
Мекенжайы: Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 143А, 2-қабат, № 208 кабинет.
Байланыс телефондары: 8 (7222) 35-41-62; 35-47-72.
Мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолыңызды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!





