
Сессияның ұсынылатын күн тәртібі: 1. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді даярлау қорытындылары туралы. Баяндамашы: Нұрқасымов Әли Серікқазыұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы. 2. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Баяндамашы: Мусин Жас-Ұлан Амангелдіұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшы. 3. Халық пен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы (құқықтық ағарту, ашықтық, кері байланыс). Баяндамашы: Мұқатай Асхат Амантайұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы. Қосымша баяндамашы: Көксегенова Талшын Қанатқызы – «Абай облысы Бородулиха ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а. 4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп. Баяндамашы: Кудушев Айтуған Ғабдулгазизұлы - депутат, тұрақты комиссияның төрағасы. Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева |







