1 / 3
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы 2026 жылғы 29 қазан күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың кешенді профилактикасы (алдын алу) мәселесі туралы.» тақырыбында Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру инспекторы полиция аға лейтенанты Мусин Ернұр Нұртілеуұлы және екіншісі «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының себептері мен шарттарын анықтау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібі туралы» тақырыбында аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Шамшенов Мұхит Кеңесұлы хабарламалар жасады.
Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Газиев Габит Талаптанұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.









