1 / 7
Бүгін ауданымызда 25 қазан – Республика күніне арналған «Жасай бер мәңгілік, Қазақстан!» атты салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев аудан тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, мерекенің тарихи маңызы мен ел өміріндегі ерекше орнына тоқталды.Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне, түрлі саладағы жетістіктерге үлес қосып жүрген азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.








