1 / 9
21 қазан күні түске дейін Егіндікөл, Қоскөл ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап өттім. Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан электр желісі, дәрігерлік амбулатория салу, өрт сөндіру гидрантын орнату, пошта мәселесі, жол мәселесі көтеріліп, тиісінше жауаптарын бердім. Кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым.








