Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция Тараптары конференциясының 17-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев Қазақстандағы Биоәртүрлілік жөніндегі жаһандық жастар желісінің (GYBN Chapter Kazakhstan) өкілдерімен кездесті.
Кездесуге КС-17 төрағасы Амбарцум Матевосян қатысты. Ол Қазақстан Үкіметі мен қазақстандық жастарға КС-17 жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, келіссөздердің табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Кездесу барысында жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мүмкіндіктері және Комитетпен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Данияр Тұрғамбаев қатысушыларды биоәртүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстармен және Қазақстанның СИТЕС, Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенция мен Рамсар конвенциясын қоса алғанда, халықаралық табиғат қорғау келісімдеріне қатысуымен таныстырды.
Ақбөкендер санының өсуіне, жолбарыс пен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіруге, сондай-ақ табиғатты қорғау жобаларын іске асыруға халықаралық донорлардың қатысуына ерекше назар аударылды.
GYBN Chapter Kazakhstan өкілдері КС-17 аяқталғаннан кейін биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерттеу жобасын ұсыну ниетін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Комитет пен жастар өкілдері өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен ықтимал бірлескен бастамаларды талқылау үшін Қазақстанда кездесу өткізуге қызығушылық танытты.
Мемлекет пен қоғам күш біріктіруде: Ереванда Қазақстан жастарының биоәртүрлілікті сақтауға қатысуы талқыланды
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Ұқсас материалдар

Астанада еріктілерге азаматтық қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту өткізілді
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Астанада қысқы кезеңге дайындық жұмыстары тексерілді
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті!
Абай облысының білім басқармасыАшу
Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын 2026 жылдың І жартыжылдығында дамыту қорытындылары
Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары

Құну – орманның қайсар жыртқышы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Қазақстан мен Армения орманды қалпына келтіру және сирек кездесетін түрлерді сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары «Green Frontier» жобасында!
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Мінезді қабан
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу