Аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев Аққозы ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды. 2026 жылғы 18 қазанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Қайрлиев Ерлан Сабиржанович Аққозы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

    1 / 6

    Аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев Аққозы ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды. 2026 жылғы 18 қазанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Қайрлиев Ерлан Сабиржанович Аққозы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №22 шешімімен сайланған әкім ретінде тіркелді.
    Аудан басшысы жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
    Қайрлиев Ерлан Сабиржанович 1989 жылғы 22 қаңтарда Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебін бітірген. 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
    Еңбек жолын 2010–2011 жылдары Қаратөбе селолық округі әкімі аппаратында жастар тәжірибесінен өтуші болып бастаған. 2013 жылғы қаңтар–қараша айларында аталған мекемеде жастар жетекшісі, 2013 жылғы қарашадан 2017 жылғы тамызға дейін бас маман қызметтерін атқарған.
    2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы шілдеге дейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалында маман болып жұмыс істеген.
    2018 жылғы шілдеден сайланғанға дейін жұмыспен қамту саласында, соңғы қызметінде «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қаратөбе ауданының мансап орталығы» филиалында маман болып еңбек еткен.
    Отбасылы, төрт баласы бар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қаратөбе ауданының әкімдігі" жаңалықтары