1 / 10
Жоспарға сәйкес 22 қазан күні Аққозы, Саралжын, Қаракөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында 2026 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар туралы баяндадым. Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су қондырғыларын жөндеу, өрт сөндіру бекетін салу, электр желілеріне жөндеу жүргізу, ауылішілік көшелерді жарықтандыру, жол мәселесі, хауыз қаздыру, спорт зал салу мәселелері көтеріліп, тиісінше жауаптарын бердім. Кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргіздім.








