Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2026 жылғы 27 қазан күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі «Кәмелетке толмағандардың арасында теріс діни ағым жетегіне еліктеушілерді болдырмау, оның алдын алу жұмыстары және проблемалық мәселелер туралы.» тақырыбында Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы Ғарапшиев, Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еділбек Алпамысұлы Искали және екіншісі «Кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын-алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы» тақырыбында Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұржауған Сағынбайқызы Дусенгалиева, Егіндікөл ауылдық округ әкімі Зейнолла Гайноллаұлы Калиев хабарламалар жасады.
Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Газиев Габит Талаптанұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.









