1 / 2
Ақтөбе қаласының Алматы ауданының пробация қызметінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау мақсатында «Жас қызметкерге – бір кеңес» атты сауалнама жүргізілді.
Сауалнама барысында жас қызметкерлер өздері үлгі тұтатын тұлғаларды атап, олардың бойындағы қасиеттер мен өмірлік ұстанымдардан үлгі алатынын жеткізді.
Бастаманың негізгі мақсаты – ұжымдық бірлікті нығайту, жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына ықпал ету және олардың қызметтік жауапкершілігін арттыру.
Ал сіз жас қызметкерлерге қандай кеңес берер едіңіз? Өзіңіз кімге қарап бой түзеп, кімді үлгі тұтасыз?








