Сауда-саттықты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі (ФК 97127630586), заңды мекенжайы: Рим қ., Кассия к-сі, 471 — қызметтік автокөліктерді сату бойынша қайта ашық аукцион өтетіні туралы хабарлайды.
Сауда-саттықты өткізу әдісі: бағаны төмендету.
Аукцион өткізілетін уақыты мен орны: 2026 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де, мекенжайы: 00189, Рим қ., Кассия к-сі, 471-үй .
Сату объектілері туралы мәліметтер (Лоттар):
№1Лот:
·Түрі:Жеңіл автомобиль
·Маркасы:Mercedes-Benz S 500 4 Matic Maximun Lunga
·Түсі:Қара
·Шығарылған жылы:2013 ж.
·Жүріп өткен жолы (пробег):142 565,00 км
·Қозғалтқыш көлемі:4663 см³, бензин
·Жалпы жағдайы:техникалық тұрғыдан жарамды, жөндеуді қажет етпейді
·Бастапқыбағалаубағасы:20 200,00 (жиырма мың екі жүз) еуро.
·Старттықбағасы(k=3):60600,00 (алпысмыңалтыжүз) еуро
·Минималды баға (70%):14 140,00 (он төрт мың жүз қырық) еуро
·Бастапқы бағадан 15% кепілдік жарна:3 030,00 (үш мың отыз) еуро.
·Аукцион қадамы (төмендету):ағымдағы бағаның 5%-ы.
№2Лот:
·Түрі:Жеңіл... автомобиль
·Маркасы:BMW 3L 3D91 5H100
·Түсі:Қара
·Шығарылған жылы:2012 ж.
·Жүріп өткен жолы (пробег):292 757,00 км
·Қозғалтқыш көлемі / БҚ:1995 см3, дизель, механикалық берілдектер қорабы
·Жалпы жағдайы:техникалық тұрғыдан жарамды, жөндеуді қажет етпейді
·Бастапқыбағалаубағасы:2 500,00 (екі мың бес жүз) еуро.
·Старттықбағасы(k=3):7 500,00 (жеті мың бес жүз) еуро
·Минималды баға (70%):1 750,00 (бір мың жеті жүз елу) еуро
·Бастапқы бағадан 15% кепілдік жарна:375,00 (үш жүз жетпіс бес) еуро.
·Аукцион қадамы (төмендету):ағымдағы бағаның 5%-ы.
№3Лот:
·Түрі:Жеңіл автомобиль
·Маркасы:«RENAULT»
·Түсі:Қара
·Шығарылған жылы:2013 ж.
·Жүріп өткен жолы (пробег):253 490,00 км
·Қозғалтқыш көлемі / БҚ:1461 см³,дизель, механикалық берілдектер қорабы
·Жалпы жағдайы:техникалық тұрғыдан жарамды, жөндеуді қажет етпейді
·Бастапқыбағалаубағасы:1 550,00 (бір мың бес жүз елу) еуро.
·Старттықбағасы(k=3):4 650,00 (төрт мың алты жүз елу) еуро
·Минималды баға (70%):1 085,00 (бір мың сексен бес) еуро
·Бастапқы бағадан 15% кепілдік жарна:232,50 (екі жүз отыз екі) еуро 50 цент.
·Аукцион қадамы (төмендету):ағымдағы бағаның 5%-ы.
Қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі:
1.Аукционға өтінімді өз уақытында берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
2.Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 00189, Рим қ., Кассия көш. 471.
3.Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы10 қарашасағат 17:30-ға дейін.
4.Аукцион жеңімпазы болып ең жоғары баға ұсынған қатысушы танылады.
5.Жеңімпаздың кепілдік жарнасы автомобильдің сатып алу құнының есебіне жазылады. Қалған қатысушыларға жарналары 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
6.Қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мыналарды ұсыну қажет:
7.Белгіленген нысандағы өтінім.
8.Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Италия заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
9.Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
10.Сауда-саттық қатысушылары кепілдік жарнаны төлеуге және өтінімдерді беруге дейін осы хабарландырумен, келісімшарт жобасымен мұқият танысуға және автомобильдің техникалық жағдайын тексеруге міндетті. Қатысушылар автомобильді кез келген жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді, сондай-ақ кез келген салықтар мен алымдардан, қайта тіркеуге немесе меншік құқығын рәсімдеуге байланысты өзге де шығындардан босатуды талап ете алмайды.
11.Егер сауда-саттық жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт шарттарын орындамаса, ол автомобильді сатып алу құқығынан бас тартты деп есептеледі, ал енгізілген кез келген төлемдер, соның ішінде кепілдік жарна қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударғаны үшін банк комиссиясы сауда-саттық қатысушыларына қайтарылмайды. Сауда-саттықтағы сөз байласу (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген басқа нысандарына қатаң тыйым салынады.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған реквизиттер:
·Алушы:Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі
·Мекенжайы:00189, Рим қ., Кассия к-сі, 471
·ФК (Фискалдық код):97127630586
·Ағымдағы шот (Расчетный счет):IT67 X030 6905 1411 0000 0006 955
·Алушының банкі:Intesa Sanpaolo SPA
·Swift:BCITITMM
·Төлемнің мақсаты:№ ____ Лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (Нөмірін көрсету).
Сатып алушының міндеттері және автомобильдерді алу:
Ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушы сауда-саттық аяқталғаннан кейін дереу Аукцион қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюға міндетті.
Сатып алушы автомобильдің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегергенде) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.
Меншік құқығын қайта рәсімдеу, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды төлеу бойынша барлық шығындарды және автомобильді сатып алуға байланысты басқа да төлемдерді сатып алушы толық көлемде өзі көтереді.
Мүлікпен танысу және байланыс деректері:
Автомобильдердің техникалық жағдайымен, құжаттар пакетімен танысуға және өтінім бланкісін алуға мына мекенжай бойынша болады: 00189, Рим қ., Кассия көш. 471, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.
·Анықтама телефоны:+39 331 3851201
·Электрондық пошта:[email protected]







