Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 21 тамызда орнатылған. Қазақстанның Италиядағы Елшілігі 1996 жылы ашылды. 2021 жылдың 26 ақпанынан бастап Қазақстанның Италиядағы Елшісі – Е.Н.Сембаев.
Елшілік ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесіне кіреді және Қазақстанның Италиядағы мүдделерін білдіреді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Италиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Италиядағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Италиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Италиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының Италия Республикасымен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Мальта Республикасындағы және Сан-Марино Республикасындағы өкілдігі болып табылады.