Қостанайда 80 мың теңгелік әтірді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Қостанай қаласында криминалдық полиция қызметкерлері сауда орталығынан парфюмериялық өнімді ұрлады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша кешкі уақытта сауда орталығындағы сауда нүктесінен көлемі 100 мл болатын әтір жасырын түрде ұрланған. Ұрланған өнімнің құны 80 мың теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция сауда орындарының өкілдеріне тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін еске салып, азаматтарды құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға шақырады.








