«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесті.
13 қазанда «102» арнасына бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған, агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған 39 жастағы ер адамды анықтады.
Қызметтік автокөлікке отырғызу кезінде ер адам полиция қызметкерлерінің бірнеше рет қойған заңды талаптарын орындаудан бас тартып, бағынбаушылық танытты және автокөліктің есігін ашуға әрекет жасады.
Аталған фактілер бойынша ер адамға полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде қоғамдық орында болу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Материалдарды қарау нәтижесінде сот ер адамға әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына орналастырылды.
Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы кез келген құқыққа қайшы әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Заң мен Тәртіп.









