Айыртау аудандық сайлау комиссиясының отырысы

    2026 жылғы 13 қазанда Айыртау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

    1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы.
    2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.
    3. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі сайлау құжаттарының нысандары туралы.
    4. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде демалыс және мереке күндері Айыртау ауданының округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмыс кестесін және аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесін бекіту туралы.
    5. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру туралы.
    6. Айыртау ауданының округтіксайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату туралы.
    7. Кеткенніңорнына округтіксайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

    Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары