Ақтөбе облысында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда

    Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 875 шақырым, оның 262 шақырымында реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1 613 шақырым жолды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының алты жол пайдалану бөлімшесі мен тоғыз пункті қамтамасыз етеді. Филиалда 375 қызметкер жұмыс істейді.

    Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техниканың 126 бірлігі дайындалды. Олардың қатарында роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, бульдозерлер, экскаваторлар және аралас жол машиналары бар.

    Сондай-ақ автомобиль жолдарының бойында 99 жатын орны бар 15 жылыту пункті қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілері дайындалуда.

    Қабылданып жатқан шаралар қысқы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары