Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды.
Министр азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген тақырыптар бойынша түсініктемелер берді.
Сондай-ақ халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті. Азаматтардан түскен барлық ұсыныс министрліктің құзыреті шегінде жан-жақты қаралатынын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға және халықпен тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Министрлік басшылығы азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде қабылдау өткізеді.









