Сіздерді ұлттық мемлекеттілігіміздің маңызды белесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің тәуелсіздікке бастар жолын айқындаған тарихи құжат болды. Бұл күн – елдігіміздің бастауы, азаттыққа деген ұмтылысымыздың және ортақ болашаққа деген сеніміміздің символы.
Отанға деген сүйіспеншілік туған жерге жанашырлықтан, ел алдындағы жауапкершіліктен және халық игілігі жолындағы нақты істерден көрінеді. Бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтап, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек ету – баршамызға ортақ міндет.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









