Жетісу облыстық мәслихатының аппараты
Құрметті сайтты пайдаланушылар!
Жетісу облыстық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Мәслихат (рус. маслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның халқы сайлайтын Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді орган.
Мәслихаттар (өңірлік парламенттер) – облыстық, Астана және Республикалық маңызы бар қалалар (Алматы және Шымкент) деңгейінде, сондай – ақ жергілікті деңгейде-облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар деңгейінде жұмыс істейді. Өңірлік мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітеді және бақылайды. Президенттің ұсынуы бойынша облыс әкімі бекітеді, өңірлік даму бағдарламалары қаралады және бекітіледі, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі тексеру комиссиялары қалыптастырылады, жалпы даму және құрылыс салу жоспарлары бекітіледі және т. б.
Жаңалықтар
АшуКӨПШІЛІК ТЫҢДАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
АшуМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
АшуРЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БАСТАУЫ!
Ашу19 ҚАЗАН – ҚР ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ!
АшуМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Ашу10 ҚАЗАН - ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ!
Құжаттар
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Аты-жөні Лауазымы ТОЙЛЫБАЕВА Гүлнар Қожағұлқызы - Мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты САЛЫҚОВА Римма Аждарқызы - Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты ЕГІНБАЕВ Ермек Молдақұлұлы - Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты БАЙМЫРЗАЕВ Қуат Маратұлы - Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты КЕРЕЕВ Қайрат Нұрғабылұлы - Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты ҚАРАБАСОВ Қанат Тоқсанбаевич - Облыстық мәслихат депутаты АҚБОЛАТОВ Еркебұлан Ешмұхамбетұлы - Облыстық мәслихат депутаты АХМОЛДАЕВ Данияр Тұрғанбекұлы - Облыстық мәслихат депутаты АЛТЫНБЕКОВ Жалғас Даулеткелдіұлы - Облыстық мәслихат депутаты АРЫН Арыстанғали Қадырұлы - Облыстық мәслихат депутаты БАЯЛЫШБАЕВ Елдос Қайыркенұлы - Облыстық мәслихат депутаты БЛАСОВ Бекет Жайлаубекұлы - Облыстық мәслихат депутаты ВАЛИШАНОВ Руслан Вахапович - Облыстық мәслихат депутаты ДЖАПАРҚҰЛОВ Олжас Тасқынұлы - Облыстық мәслихат депутаты ИСКАКОВ Айбек Мұратбекұлы - Облыстық мәслихат депутаты ЖҮНІСХАН Ермұхан - Облыстық мәслихат депутаты ҚАЖИ Қайыр Қабланбайұлы - Облыстық мәслихат депутаты ҚЫДЫРМАНОВ Әсет Серікқалиұлы - Облыстық мәслихат депутаты ҚЫЛЫШБЕКОВ Темірлан Бақытбекұлы - Облыстық мәслихат депутаты МҰҚАТАЙ Медет Әкімжанұлы - Облыстық мәслихат депутаты МҰСТАПОВА Гүлназия Садықбекқызы - Облыстық мәслихат депутаты НАҒАШБЕКҰЛЫ Думан - Облыстық мәслихат депутаты НЕСТЕРОВ Константин Михайлович - Облыстық мәслихат депутаты ОСПАНОВ Жанат Тәңірбергенұлы - Облыстық мәслихат депутаты САДИЕВ Алмат Тезекбаевич - Облыстық мәслихат депутаты САЙРАНБЕКОВ Қамбарбек Мұхаметбекұлы - Облыстық мәслихат депутаты САКИОВА Ризван Абдуликимовна - Облыстық мәслихат депутаты САЯТОВА Баршагүл Ахатқызы - Облыстық мәслихат депутаты ТУЛАҚБАЕВ Руслан Мұстапаұлы - Облыстық мәслихат депутаты ФАЙЗУЛИН Баниямин Джихангерович - Облыстық мәслихат депутаты ЧУЖЕНОВ Марат Сағынтайұлы - Облыстық мәслихат депутаты ШЕҢГЕЛБАЕВ Секенбай Сейтжанұлы - Облыстық мәслихат депутаты
«Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНЫҚТАМА
«Жетісу облыстық мәслихатыныңаппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойыншаАНЫҚТАМА Талдықорған қ. 2026жылғы«07» қазан «Жетісу облыстық мәслихатыныңаппараты»ММ (бұдан әрі –мәслихатаппараты)қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»мәслихатаппараты басшысының2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-25/06бұйрығы негізінде 2026жылғы10 қыркүйегі мен 1 қазаныаралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауменмәслихатаппаратының 2023-2025жылғы жұмыс кезеңдері қамтылды. Мәслихатаппараты өз қызметін облыстық мәслихаттың2022жылғы08 маусымдағы№1-2 шешіміменбекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады. Облыстық мәслихатаппараты өз жұмысында: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ басқа да салалық нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларынасәйкес ішкі талдау жүргізілді. 1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау Персоналды басқару қызметі бойынша. Есеп беру кезеңінде (2023-2025 жылдары) 1 конкурс жарияланды. Оның ішінде: ішкі конкурс – 0, жалпы конкурс – 1. Барлығы 1 мемлекеттік қызметші тағайындалды (ішкі конкурс бойынша – 0, жалпы конкурс бойынша – 1). Үміткермен сұхбаттасу процесі бейнежазба техникалық құралдарымен тіркелді. Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына уәкілетті органнан бақылаушылар шақырылды. Тәртіптік жазаларға қатысты: Жоғарыда көрсетілген кезеңде 2 тәртіптік жаза салынды. Оның ішінде ескерту – 2, сөгіс – 0, қатаң сөгіс – 0. Тәртіптік жазалар тым қысқа мерзімде алынбады. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау туралы: Жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан өткен жоқ, 3 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды. Есеп беру кезеңінде 3 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті. 2023-2025 жылдары сынақ мерзімі ешкімге тағайындалған жоқ. Персоналды басқару қызметінде жұмыс істеу кезінде құқықтық олқылықтар, құқықтық актілер ережелерінің қайшылықтары және құқықтық-лингвистикалық белгісіздіктер анықталған жоқ. 2. Мүдделер қақтығысын реттеу Жақынтуыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ. 3. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу Облыстық мәслихат аппаратында қызметкерлердің жалақысын есептеп, ұсталатын салықтар мен шегерімдерді ұстап, аудару кезінде, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылады деп көрсетілген, бірқатар мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жоғары білім беру ұйымдарында оқып жатқан себебімен жарналары мен шегерімдері қайтып келген. Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау нәтижелері бойынша қайшылықтар, олқылықтар, жеке шешім қабылдау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 4. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану Облыстық мәслихаттың аппараты ақпараттық жүйелерді әзірлеуші және меншік иесі болып табылмайды 5. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер Облыстық мәслихат төрағасының өңірлерге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарына және басқа да ресми сапарлар ұйымдастырылды, өңірлерге жұмыс сапарлары барысында облыстық мәслихат төрағасы берген тапсырмалардың орындалуын бақылау жүзеге асырылды. Облыстық мәслихат депутаттарының халықпен тұрақты кездесулері ұйымдастырылды, кездесу барысында тұрғындар айтқан ұсыныстарды іске асыру бойынша депутаттық сауалдар жолданып, олардың орындалу барысына бақылау жүзеге асырылды. Облыстық мәслихат сессияларының материалдарын, шешім жобаларын облыстық басқармалармен бірлесіп дайындауды үйлестіру жүзеге асырылды. Облыстық мәслихат аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Облыстық мәслихат сессиясында қабылданған актілер бойыншы жылына екі рет мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әділет министрлігіне есеп тапсырылып тұрады. Облыстық мәслихат аппаратының қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау қорытындысы бойынша олқылықтар, дискрециялық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 6. Баспасөз қызметі бойынша. Облыстық мәслихат аппаратының ресми сайтында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде материалдар жариялау арқылы ақпараттың қолжетімділігін және мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Көрсетілген кезеңде республикалық БАҚ-та Жетісу облыстық мәслихаты туралы барлығы 174материал жарияланды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберінде танымал әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, Telegram) Жетісу облыстық мәслихатының ресми парақшалары жұмыс істейді. Аталған кезеңде онда өңірдің барлық тыныс-тіршілігін қамтитын және халық үшін пайдалы ақпаратты мәтіндік және әртүрлі визуалды-иллюстрациялық материал жарияланды. 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың барлық аккаунттарының тұрақты жазылушыларының саны 1500-ден асты. Баспасөз қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Масс-медиа туралы» ҚР Заңдарын, облыстық мәслихат аппаратының Регламентін, Ережесін және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Баспасөз қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ 7. Құжаттамамен қамтамасыз ету қызметі бойынша. 2023-2025 жылдар аралығында облыстық мәслихатқа2861құжат келіп түсті: 2023 жылы – 841; 2024 жылы – 1081; 2025 жылы – 939. Бақылауға алынған құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті мамандар тарапынанжұмыстар атқарылды: орындаушыларға тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсетілді; аппарат қызметкерлеріне бақылаудағы құжаттардың орындалу барысын өздерінде апта сайын өткізілетін аппараттық кеңес барысында қарау ұсынылады. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 8. Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша. 2023-2025 жылдар аралығында облыстық мәслихатқа жеке және заңды тұлғалардан 252өтініш түсті: 2023 жылы –62; 2024 жылы –54; 2025 жылы –136. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс барысында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзып, жіберген кемшіліктері үшін 2 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Есеп беру кезіңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 9.Облыстық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Облыстық мәслихат аппараты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын тұрақты негізде қолданады. Мәслихат аппаратына ұсынылатын құқықтық актілер, заңдық сипаттағы өзге де құжаттар әр түрлі сипатта болуы мүмкін: әлеуметтік сала, тұрғын үй және жол құрылысы, көліктік қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, еңбек қатынастары, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алу, табиғи ресурстар және т. б. сонымен қатар, мәслихат аппараты заңнаманың осы салаларының құқық қолданушысы болып табылмайды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ. 10.Қорытынды бөлім Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы: Облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары -жұмыс тобының жетекшісі С.Бейсенбаева Облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторыА.Қасымғалиева Облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторыМ.Андасова Облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторыС.Махметов Облыстық мәслихат аппаратының бас инспектор - бас есепшіЖ.Ақылова Таныстым:Жетісу облыстық мәслихатыныңаппарат басшысыА.Жазықбаев
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясы
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жетісу облыстық мәслихатыныңкезекті XLІІ сессиясының күн тәртібітөмендегі редакцияда бекітілсін: «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы. Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы№ 33-202 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Жетісу облыстық полиция Департаментінің2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында берген тапсырмаларының орындалуы туралы. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы «Жетісу облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» № 3-24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Облыстық мәслихат төрағасының м.а.Р. Салықова
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясы
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жетісу облыстық мәслихатыныңкезектен тыс XLІ сессиясының күн тәртібітөмендегі редакцияда бекітілсін: 1.Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 33-202 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2.Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-44 шешімінің күші жойылды деп тану туралы. 3. «Жетісу облысының (қаласының, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы №10-26 шешімінің күші жойылды деп тану туралы. 4. «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы. 5.Денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы. 6.Жетісу облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы. 7.Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №5-46 «Жетісу облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Облыстық мәслихат төрағасының м.а.Р. Салықова