Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-18-баптарына сәйкес өткізіледі.
Күн тәртібі:Жетісу облысының коммуналдық меншігіндегі объектілерді жекешелендіру мәселесін талқылау.
Тыңдаудың мақсаты:жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті қоғамдастықтың пікірін ескеру және мемлекеттік мүлік объектілерін бәсекелес ортаға берудің экономикалық орындылығын талқылау.
Өтетін күні мен уақыты:2026 жылғы 14 желтоқсан, сағат 15:00.
Өтетін орны:Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а, 36 Б.
Материалдармен танысу:Жекешелендіруге ұсынылатын объектілердің тізбесімен және оларды иеліктен шығарудың негіздемесімен Жетісу облысы мәслихатының ресми интернет-ресурстарында танысуға болады. (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat )
Ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау:Мүдделі тұлғалар (облыс тұрғындары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар) өз ұсыныстары мен ескертулерін жазбаша немесе электрондық түрде 2026 жылғы 14 желтоқсанға дейін келесі мекенжай бойынша жолдай алады:
Пошталық мекен-жайы:Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 38 «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» ММ-сі, 214 кабинет.
E-mail: [email protected]
Қатысу және тіркелу:Қоғамдық тыңдауға жергілікті қоғамдастық мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Қатысушыларды тіркеу іс-шара басталғанға дейін 30 минут бұрын жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жүргізіледі.
Байланыс деректері:+77716589779 – Айгүл Тәңірбергенқызы Қасымғалиева(бас инспектор).
Жетісу облысы мәслихатының экономика, бюджет,
құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,
депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері
бойынша тұрақты комиссиясы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









