Ақтауда заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарын алу жұмыстары жалғасуда

    1 / 2

    Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында заңсыз орналастырылған мобильді павильондарды анықтау және оларды жою бағытында мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

    Кезекті тексеріс жұмыстары барысында 19А және 41-шағын аудандарда заңсыз орналасқан нысандар анықталды. Нысан иелеріне тиісті ескертулер беріліп, заңсыз павильондарды алып тастау жөнінде тапсырмалар жүктелді.

    – Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында рұқсатсыз кәсіппен айналыспауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.

    Қала аумағындағы заңсыз орналастырылған нысандарды анықтау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары