Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміздің тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды тарихи қадамы болды. Бұл құжат Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалап, халқымыздың азаттық пен еркіндікке деген ұмтылысын айқындады.
Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтудеміз. Осы уақыт ішінде еліміз үлкен тарихи жолдан өтіп, мемлекеттілігін нығайтты, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, дамудың жаңа белестеріне көтерілді. Бұл халқымыздың қажырлы еңбегінің, табандылығы мен бірлігінің нәтижесі.
Тәуелсіздік - біз үшін баға жетпес құндылық әрі болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Еліміздің одан әрі дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау баршамызға ортақ міндет болып табылады.
Осы ортақ мақсаттарға қол жеткізуде Уәлиханов ауданының да өзіндік үлесі бар. Туған өлкемізді дамыту, ауылдардың әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және халықты толғандырған мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Бірлесе атқарған еңбегіміздің арқасында алға қойған міндеттерімізді жүзеге асырып, жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.
Мереке күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілеймін! Ауданымызда әрдайым тыныштық пен татулық орнап, әрбір тұрғынның еңбегі жемісті болсын! Еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Республика күні құтты болсын!