Түркістан және Достық көшелерінің қиылысында жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 28 қазан күні сағат 21:00-ден 29 қазан күні сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.








