Ағымдағы жылдың 26 қазан - 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесі бойынша Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.









