РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    1 / 9


    25 қазан – Республика күніне орай Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен «Белсенді және тең қоғам» сауықтыру орталығы ашылды.

    Демеушілер есебінен ашылған орталық аға буын өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге, олардың денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасауға бағытталған.

    Қазіргі таңда орталыққа 152 азамат тіркелген. Мұнда тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, өзара қарым-қатынасын нығайтуға және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріледі.

    Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен өткен игі бастама – мереке қарсаңындағы елге деген құрмет пен қамқорлықтың көрінісі. Осындай әлеуметтік жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары