Республикалық «Айқын» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың судья кадрларын даярлау және сот төрелігінің сапасын арттыру мәселелеріне арналған сұхбаты жарияланды
Сұхбатта 2024 жылғы 15 шілдеде Кеңестің қарамағына берілген Сот төрелігі академиясының рөлі ашып көрсетіледі. Бұл шешім судьялыққа кандидаттарды даярлауды кәсіби судьялар корпусын қалыптастырумен байланыстыруға және білім беру бағдарламаларын жетілдіру кезінде құқық қолдану практикасының қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік берді.
Оқыту жұмыс істеп жүрген судьялар мен ғалымдардың қатысуымен сот істерін талдауды, сот отырыстарын модельдеуді және сот актілерінің жобаларын дайындауды қамтиды. Аналитикалық ойлауды, құқықтық дәлелдеу дағдыларын дамытуға және судья әдебін сақтауға ерекше назар аударылады.
2025 жылдан бастап судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға кандидаттарды даярлауға арналған референдиат жұмыс істейді. Жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, олардың біліктілігін арттырудың дараланған бағдарламаларына көшу басталды.
Сол жылы Академия «Құқық» бағыты бойынша докторантураға мемлекеттік лицензия алып, ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өтті. Зерттеулердің практикалық бағыттылығы басымдық болып қала береді.
Шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен, оның ішінде Орталық Азия және түркі әлемі елдерінің ұйымдарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді. Халықаралық тәжірибе ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып зерделенеді.
Сұхбат соңында Дмитрий Малахов құзыретті, тәуелсіз және жауапты судьялар корпусын қалыптастыру құқық үстемдігін нығайтуға және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған жүйелі әрі ұзақ мерзімді міндет екенін атап өтті.








