Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер!

    Баршаңызды Ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Республика күні - халқымыздың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрін жаңғыртып, ата-бабаларымыздың азаттық туралы асқақ арманын айшықтайтын тарихи мереке. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашып, дербес мемлекет ретінде қалыптасуымыздың саяси-құқықтық негізін қалады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің қайтарылуы - тарихи жадымызды жаңғыртып, ұлттық рухымызды нығайтқан маңызды қадам.

    Бүгінде біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ендігі міндет - егемендігімізді нығайтып, еліміздің болашағы үшін бірлесе еңбек ету. Қазіргі кезеңде Қазақстан жаңғыру мен жаңару жолында маңызды қадамдар жасауда. Мемлекет басшысының бастамалары елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

    «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары қоғамымыздың ортақ құндылықтарына айналуы тиіс.

    Баршаңызды бүгінгі тұрақтылық пен тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышанына айналған ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтаймын! Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

    Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының әкімдігі" жаңалықтары