Халықаралық семинар «Қазақстандағы технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA): технологиялық басымдықтардан іске асыру мен инвестицияларға дейін»

    1 / 4

    21 қазанда «Қазақстандағы технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA): технологиялық басымдықтардан іске асыру мен инвестицияларға дейін» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты перспективалы климаттық шешімдерді іріктеу бойынша жүргізілген жұмыстың аралық қорытындыларын шығару, сондай-ақ салалық Технологиялық іс-қимыл жоспарларын (TAP) талқылау болды.

    Технологиялық қажеттіліктерді бағалау бастамасы Париж келісімінің 10-бабына және UNEP-CCC халықаралық әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Іске асырылуы 2025 жылы басталған және 2026 жылғы желтоқсанда аяқталуы жоспарланған жоба елдің технологиялық жаңғыртылуы үшін ғылыми негізделген база қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында үш стратегиялық сектор айқындалды: энергетика, ауыл шаруашылығы және циркулярлық экономика.

    Сонымен қатар, Жасыл климат қорының (ЖКҚ) Readiness III бағдарламасы аясында Қазақстанның климаттық инвестициялық платформасын құру мен TNA бағдарламасының өзара үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары