Париж келісімінің 6-бабында көзделген тетіктерді практикалық іске асыру

    1 / 4

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. Қуантыровтың төрағалығымен Париж келісімінің 6-бабында көзделген тетіктерді практикалық іске асыруға және халықаралық климаттық ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыс кеңесі өтті.

    Кеңеске Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Р.Баталов, сондай-ақ «SAFC» ЖШС, SEFE, TotalEnergies, ТШО, NCOC, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «ҚМГ» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

    Қатысушылар нормативтік реттеудің өзекті мәселелерін, климаттық жобаларды іске асыру тетіктерін және Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін талқылады.

    Халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды жетілдіруге, көміртек нарығының халықаралық құралдарын қолдануға және бірлескен климаттық бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

    Перспективалы бағыттар қатарында метан шығарындыларын қысқарту, ормандарды қалпына келтіру, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және олардың сіңірілуін арттыруға бағытталған басқа да жобалар қаралды.

    Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның COP31 конференциясына арналған климаттық бастамаларын әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдар айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары