Қаламыздың тазалығы әрқайсымыздан басталады. Алайда, өкінішке қарай, мұны бәрі бірдей түсіне бермейді.
Ғимараттың кіреберісіне қоқыс салынған пакетті қалдыру, саябақта бөтелке тастау немесе қалдықтарды қоқыс жәшігінің жанына қою қоршаған ортаның көркін бұзып қана қоймай, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып саналады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына (Қоғамдық орындарды ластау) сәйкес, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:
Алғаш рет құқық бұзған жағдайда:
10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.
Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.
Келісерсіз, қоқысты арнайы контейнерге апарып тастау қомақты айыппұл төлеуден әлдеқайда оңай әрі тиімді.
Барлық тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, тазалықты сақтауға және қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырамыз.
Тазалықты сақтау – әр азаматтың міндеті! Таза қала – ортақ жауапкершілігіміз!








