Қазақстан мен Еуропалық экономикалық палата экологиялық саланы цифрландыруды талқылады

    1 / 3

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Еуропалық экономикалық палатаның (EEIGCham) комиссары Нельсон Фернандешпен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тараптар табиғатты қорғау қызметін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және экологиялық міндеттерді шешу үшін заманауи талдамалық құралдарды қолдану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

    Португалдық компанияның цифрландыру және инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеу саласындағы тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап ұсынылған тәсілдермен және оларды экологиялық салада практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

    Министр цифрлық трансформация Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Атап айтқанда, министрлік орман шаруашылығы, экологиялық мониторинг және табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу салаларында цифрлық шешімдерді дәйекті түрде енгізуде.

    Қазіргі уақытта Қазақстанда орман өрттерінің мониторингін, тәуекелдерді талдауды және жедел ден қоюды үйлестіруді қамтамасыз ететін Республикалық жедел басқару орталығы жұмыс істейді.

    Талқылаудың жеке тақырыбы Арал теңізінің экологиялық сын-қатерлері болды. Министр Арал өңірінің экожүйелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар сараптамалық диалогты жалғастыруға және цифрландыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға қызығушылық білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары