Бүгін, 21 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың төрағалығымен әкімдікте аппараттық жиын өтті. Отырыста орталық көшелерді қысқы маусымда күтіп ұстау, жолдардың қар мен жауын-шашынға дайындығы және коммуналдық қызметтердің әзірлігі қаралды.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосовтың айтуынша, жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігер мекеменің 100-ге жуық жұмысшысы мен 26 арнайы техникасы дайын. Сонымен қатар 300 тонна топырақ, 100 тонна тұз және 12 мотопомпа әзірленген.
«Қыс мезгілінде орталық көшелерге, аялдамаларға, әлеуметтік нысандардың маңы мен жаяу жүргіншілер жолдарына басымдық беріледі. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы «АЙСМИКС» реагентін қолдану және қаладағы су ағарларды тазалау жұмыстары қарастырылуда», – деді Жұлдызбай Көңілімқосов.
Қала әкімі Мақсат Мұқаш алдағы кезеңде қар мен жауын-шашынның жиілеуі мүмкін екенін атап өтіп, жолдардың қысқы маусымға дайындығын толық қамтамасыз етуді тапсырды.
«Қазіргі таңда қала аумағында жиналған жауын-шашын мен қар суын теңізге айдау мүмкіндігі шектеулі. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу қажет. Барлық қажетті техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығына ерекше мән беріңіздер. Қолайсыз ауа райы кезінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз керек», – деді қала әкімі.
Жиын барысында «109» бірыңғай байланыс орталығының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары да баяндалды. Сонымен қатар тұрғындардың қалалық қызметтерді пайдалануын жеңілдетуге, қажетті ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған «Smart City» жобасы таныстырылды.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты мекемелерге қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізіп, қажетті техника мен материалдардың әзірлігін қамтамасыз етуді және белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтауда орталық жолдардың қысқы маусымға дайындығы пысықталды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан мен Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАшу
Құрметпен шығарып салу - ізгі дәстүр
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшуV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Ақтау әкімдігінде жылыту маусымының барысы талқыланды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда заңсыз қоқыс үйінділерін жою және құрылыс алаңдарындағы тазалық мәселесі талқыланды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтау қаласының әкімі 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізілуде
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматылық мамандар Ақтау қаласының дамуына арналған жобалар әзірлейді
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу