Ақтау қаласының әкімі 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    1 / 9

    Бүгін, 19 қазан күні Ақтау қаласында өткен «Ашық есік» бірыңғай қабылдау күні аясында қала әкімі Мақсат Мұқаш 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру, жол инфрақұрылымы, қоғамдық көлік қатынасы және аялдамаларға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, қала тұрғындары шаһардың дамуына қатысты өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

    Қала әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді жауапты мамандармен бірлесіп талқылады. Нәтижесінде, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, әрбір мәселені жан-жақты зерделеу және оларды шешу жолдарын қарастыру міндеттелді.

    Айта кетейік, Ақтау қаласында өткен «Ашық есік» бірыңғай қабылдау күніне жалпы саны 500-ге жуық тұрғын қатысты.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары